Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
 
- Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін.
 
- Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
 
- Электр құралын еш жағдайда үстел ендірмесінсіз пайдаланбаңыз. Ақаулы үстел ендірмесін ауыстырыңыз. Ақаусыз үстел ендірмесі болмаған жағдайда, ара дискісі сізге жарақат тигізуі мүмкін.
 
- Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін.
 
- Өңдемекші болған материал үшін сәйкес ара дискісін таңдаңыз.
 
- Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. 
 
- Дайындаманы тек айналып тұрған ара дискісіне жақындатыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.