Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

Жұмыс шамын қосу үшін ажыратқышты (1), ауыстырып-қосқышта көрсетілетіндей алға жылжытыңыз. Жұмыс шамы тікелей жұмыс аймағындағы көру мүмкіндігін жақсартады.

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1), ауыстырып-қосқышта "I" көрсетілетіндей, әр қарай алға жылжытыңыз.

Электр құралын және жұмыс шамын өшіру үшін ажыратқышты (1), ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа жылжытыңыз.

Нұсқау: Егер өлшеу құралы аккумулятор заряды ада болғандықтан өшсе, онда оны қосқыш/өшіргішпен (1) өшіріңіз.
Электр құралды қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.

Тербелу санын таңдау

Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (5) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.

Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды аралау, ажырату және тегістеу үшін "6" тербелу саны басқышы, ал пластмасса сияқты жұмсақ материалдар үшін "4" тербелу саны басқышы ұсынылады.

Нұсқау: белгілі бір алмалы-салмалы аспаптарда (мысалы, ажарлағыш және бұдырлағыш алмалы-салмалы аспаптар) тербелістер санын ең көбі 2/3 шамасына дейін азайту керек. Тым жоғары тербелістер саны алмалы-салмалы аспаптардың тозу дәрежесін айтарлықтай көтеруі немесе алмалы-салмалы аспаптардың мерзімінен бұрын істен шығуына әкелуі мүмкін. Алмалы-салмалы аспаптардағы немесе алмалы-салмалы аспаптардың орауыштарындағы мәліметтерді ескеріңіз.