Қызмет көрсету және тазалау

Өлшеу құралын тек түпнұсқа орауыш сияқты арнайы қорап ішінде сақтаңыз және тасымалдаңыз.

Өлшеу құралын әрдайым таза ұстаңыз. Ластанған инфрақызыл датчик (24) өлшеу дәлдігіне әсер ете алады.

Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі тиіс.

Үшкір заттармен инфрақызыл датчикті (24), камераны (25), динамикті (19) немесе микрофонды (16) алып тастауға әрекеттенбеңіз. Инфрақызыл датчик пен камераны сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).

Өлшеу құралын қайтадан калибрлеу қажет болса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқа орауышында жіберіңіз.

Өлшеу құралында пайдаланушы күтім көрсете алатын бөліктер жоқ. Корпус қаптамасын ашу арқылы өлшеу құралын бұзуға болады.

Түймелі элементті алмастыру (B суретін қараңыз)

Түймелі элемент ұстағышының бұрандасын (5) бұрап шығарыңыз. Түймелі элемент ұстағышын (3) көмекші құралмен (мысалы, жалпақ бұрауышпен) өлшеу құралынан тартып шығарыңыз. Түймелі элементті алмастырыңыз. Түймелі элемент ұстағышын орнатқаннан кейін бұранданы (5) қайтадан бұрап бекітіңіз.