Деректерді тасымалдау
USB Type-C® ұясының (6) қақпағын ашыңыз. Өлшеу құралының USB Type-C® ұясын (7) жеткізілім жиынтығындағы USB Type-C® кабелі (26) арқылы компьютерге жалғаңыз.
Енді өлшеу құралын қосу/өшіру түймесі (12) арқылы қосыңыз.
Компьютеріңізде файл браузерін ашып, диск жетегін GTC 600 C таңдаңыз. Сақталған файлдарды өлшеу құралының ішкі жадынан көшіруге, компьютеріңізге жылжытуға немесе жоюға болады.
Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін әдеттегідей компьютерден ажыратып, содан кейін өлшеу құралын қосу/өшіру түймесі (12) арқылы қайтадан өшіріңіз.
Назар аударыңыз: әрдайым алдымен диск жетегін операциялық жүйеңізден шығарыңыз (диск жетегін шығару), әйтпесе өлшеу құралының ішкі жады зақымдалуы мүмкін.
USB Type-C® кабелін өлшеу әрекетінің барысында шығарыңыз және қақпақты (6) жауып қойыңыз.
Корпусқа шаң немесе шашыранды су кірмеуі үшін, USB интерфейсінің қақпағын әрдайым жабық ұстаңыз.
Нұсқау: өлшеу құралын USB арқылы компьютермен байланыстырыңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған жағдайда, өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
Нұсқау: USB Type-C® интерфейсі тек деректерді тасымалдау үшін қолданылады. Батареялар мен аккумуляторларды оның көмегімен зарядтау мүмкін емес.
Сақталған жылулық кескіндерді арнайы Bosch қолданбаларымен қосымша өңдеуге болады. Қолданбалар мен олардың үйлесімділігі туралы ақпаратты өлшеу құралының өнім бетінен немесе www.bosch-professional.com/thermal веб-сайтынан табуға болады.
Өлшеу құралы сақталған кескіндерді өлшеу құралынан ақырғы мобильді құрылғыға сымсыз тасымалдауға мүмкіндік беретін Wi‑Fi® интерфейсімен жабдықталған.
Пайдалану үшін арнайы Bosch қолданбалары орнатылады. Оларды ақырғы құрылғыға байланысты тиісті дүкендерден жүктеп алуға болады:
|
|
Bosch қолданбалары пайдаланушыға (кескіндерді сымсыз тасымалдауға қоса) кеңейтілген функциялар көлемін қамтамасыз етеді және өлшеу деректерінің қайта өңделуін немесе ары қарай жіберілуін (мысалы, эл. пошта арқылы) жеңілдетеді. Wi‑Fi® байланысы үшін қажет болатын жүйелік алғышарттар туралы ақпаратты www.bosch-professional.com/thermal мекенжайы бойынша Bosch веб-сайтынан қараңыз.
Wi‑Fi® байланысын өлшеу құралында іске қосу/ажырату үшін бас мәзірді шақырып, таңдауға арналған түймелердің <WiFi> көмегімен шарлаңыз және байланысты іске қосыңыз/ажыратыңыз. Wi‑Fi® іске қосылғанда, дисплейде (e) индикаторы пайда болады. Ақырғы мобильді құрылғыда Wi‑Fi® интерфейсінің іске қосылуын қамтамасыз етіңіз.
Bosch қолданбасы іске қосылғаннан кейін, ақырғы мобильді құрылғы мен өлшеу құралының арасында (Wi‑Fi® модулі белсенді болғанда) байланыс орнатылуы мүмкін. Бұл ретте қолданбаның нұсқауларын орындаңыз.

