Терминология түсініктемелері
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/thermal.
Нысанның эмиссия дәрежесі үстіңгі беттің материалы мен құрылымына байланысты болады. Ол нысанның, оңтайлы жылылық сәулелендіргішпен (қара түсті корпус, эмиссия дәрежесі ε = 1) салыстырғанда, қаншалықты көп инфрақызыл жылылық сәулеленуін шығаратынын көрсетеді және сәйкесінше 0 және 1 арасындағы мәнді құрайды.
Өлшеу нысаны мен өлшеу құралы арасындағы қашықтық әр пиксель бойынша түсірілген бет көлеміне әсер етеді. Нысан арақашықтығы ұлғайған сайын, үлкенірек нысандарды түсіруге болады.
Арақашықтық (м) | Үлкен инфрақызыл пиксель (мм) | Инфрақызыл диапазонның ені × биіктігі (м) |
|---|---|---|
0,30 | 0,85 | ~ 0,22 × 0,16 |
0,55 | 1,56 | ~ 0,40 × 0,29 |
1,00 | 2,84 | ~ 0,73 × 0,54 |
2,00 | 5,69 | ~ 1,46 × 1,07 |
5,00 | 14,22 | ~ 3,64 × 2,68 |