Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі (9) электр құралының жұмыс режимін таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.

Күй индикаторлары

Электр құралының күйі индикаторы (14)

Мағынасы/себебі

Шешімі

Электр құралы өшірілген

жасыл

Электр құралы қосылған және жұмысқа дайын

сары

Электрониканың критикалық температурасына жетті.
Зақымдарға жол бермеу үшін электр құралының қуаты азайтылады.

(14) индикаторы қайтадан жасыл түспен жанғанша, электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп, суытыңыз

сары

  • жыпылықтап тұрған техникалық қызмет көрсету индикаторымен (12) бірге

Электр құралына жүйелі техникалық қызмет көрсету қажет

Электр құралын бірден өшіріп, қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Техникалық қызмет көрсету орындалмаған жағдайда, электр құралы зақымдалуы немесе істен шығуы мүмкін.

қызыл

Электр құралы қызып кетті.
Электрониканың зақымдалуына жол бермеу үшін электр құралы өшіріледі.

Электр құралын суытыңыз.
(14) индикаторы қосу кезінде жасыл түспен жыпылықтағанда ғана электр құралы жұмысқа қайтадан дайын болады.

Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды.
Жарақат алудың алдын алу үшін электр қуатының берілуі үзілгеннен кейін (мысалы, жұмыс барысында желілік ашаны суырып алу) электр құралының қайта іске қосылуына жол бермейді.

Электр құралын өшіріп, электр қуатының берілуін қалпына келтіріңіз. Содан кейін электр құралын қайта қосыңыз.

"Соққымен бұрғылау" режимінде реттеу түймесі басылды

Реттеу түймесін қайтадан басу

Айналуды тоқтату қосқышы жұмыс барысында іске қосылды

Электр құралын өшіріп қайта қосу

Жалпы ақаулықтар

  • Электр құралын өшіріп қайта қосу
  • Электр құралын қуат көзінен ажыратып, қайта жалғау

Ақаулық сонда да жойылмаса:

  • Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу

қызыл түспен жыпылықтайды

  • жанып тұрған жылдам өшіру индикаторымен (13) бірге

Жылдам өшіру функциясы іске қосылды.

Бекіту түймесін басып, ажыратқышты жіберу

Техникалық қызмет көрсету орындалғаннан кейін, техникалық қызмет көрсету индикаторы (12) өшіп қалады.

Бастапқы күйге қайтару түймесін (15) 5 секунд басу арқылы жоспарлы техникалық қызмет көрсету туралы хабарландыруды бастапқы күйге қайтаруға болады.

Жұмыс режимін таңдау

Жұмыс режимін таңдау түймесін (16) сізге қажетті жұмыс режимі пайда болғанша басыңыз.

Функциялар


100 % жұмыс режимінің индикаторы

100 % жұмыс режимі:
Электр құралы максималды жылдамдықпен және қуатпен жұмыс істейді


80 % жұмыс режимінің индикаторы

80 % жұмыс режимі:
Электр құралы сезімтал материалдарды өңдеу үшін максималды жылдамдықтың шамамен 80 %-да және төмендетілген қуатпен жұмыс істейді