Алмасты бұрғы қауіпсіздік нұсқаулары

  • Қосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін.
  • Пайдалану алдында аспапты тиісті ретте тартып қойыңыз. Аспап қатты бұрау моментін шығарады, сол үшін аспапты жұмыс кезінде тиісті ретте тартып қоймасаңыз, бақылау жоғалып жеке жарақаттануыға алып келуі мүмкін.
  • Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.

  • Бұрғы қондырмасының максималдық жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
  • Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
  • Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.

  • Алмасты бұрғымен бұрғылауда құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
  • Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
  • Ұшы қысылғанда, төменге қысуды тоқтатып аспапты өшіріңіз. Ұшы қажалуының себебін табып оны жоюға әрекет жасаңыз.
  • Алмасты бұрғы жұмысын қайта іске қосудан алдын ұшы еркін бұралуын тексеріңіз. Егер ұшы қажалса, ол іске қосылмауы, аспапты артық жүктеуі мүмкін, немесе алмасты бұрғыны дайындамадан босатуы мүмкін.
  • Қабырға немесе төбеден өткізіп бұрғылауда, басқа жағында адамдар және жұмыс аймағын қорғауды қамтамасыз етіңіз. Ұшы тесіктен өтіп басқа жағында түсіп кетуі мүмкін.
  • Сырғанамайтын аяқ киімін киіп жүріңіз. Осылайша жылтыр беттерде сырғанау себебінен пайда болатын жарақат алудың алдын аласыз.
  • Электр құралын ешқашан жинақтағы авариялық тоқ қрғағыш өшіргішісіз (PRCD) пайдаланбаңыз.
  • Жұмысты бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғайтын ажыратқыштың (PRCD‌) дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріп шығыңыз. Зақымдалған жылыстау тогынан қорғайтын ажыратқышты (PRCD) Bosch қызмет көрсету орталығына жөңдеуге немесе ауыстыруға беріңіз.
  • Не жұмыс аймағындағы адамдарға, не электр құралының өзіне шығып жатқан су тимегеніне назар аударыңыз.
  • Су өткізетін шлангілер мен жалғастырғыштар ақаусыз күйде болғанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған немесе тозған бөліктерді келесі пайдаланудан бұрын алмастырыңыз. Электр құралының бөліктерінен су шығу ток соғу қаупін арттырады.
  • Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.
  • Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
  • Электр құралын тиісті тәртіппен жерге тұйықталған ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.