Жұмыс бойынша нұсқаулар
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау кезінде әрдайым ортаға дәлдеу крестін (керек-жарақ) пайдаланыңыз.
1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға бұралғанша төмен айналу жиілігімен бұрғылаңыз. Содан кейін қажет болса, 2-ші беріліске ауысыңыз.
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын дайындамаға бейімдеңіз. Бірқалыпты қысыммен бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын немесе шаңын алмас сегменттерінен кетіру мүмкін болады.
Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз.
Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу қажет болады.
Ылғалды бұрғылау: бұрғылағаннан кейін суды кішкене ағызып, бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы бұрғылау қоқысын шайып жіберіңіз.

Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі жағынан итеріп шығарыңыз.
Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз (деформациялау қаупі бар)!