Қосымша тұтқаны орнату

Қосымша тұтқаны (8) әркез орнатыңыз. Ол үшін қосымша тұтқаны бұрғы шпинделі (6) үстінен өткізіп, шпиндель мойынына (графикалық беттегі суретті қараңыз) жылжытыңыз. Қосымша тұтқаны жылжытуға арналған қатпарлы бұранданы (5) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.

Қосымша тұтқаны (8) кез келген бағытпен қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.

Қосымша тұтқаны жылжытуға арналған қатпарлы бұранданы (5) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (8) қажетті күйге қисайтыңыз. Содан кейін қатпарлы бұранданы (5) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.