Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру

Бұрғылау коронкасын орнату

Құрғақ әдіспен бұрғылау үшін құрғақ әдіспен бұрғылау коронкаларын ғана, ал ылғалды әдіспен бұрғылау үшін ылғалды әдіспен бұрғылау коронкаларын ғана пайдаланыңыз.

Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз.

1 1/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (8) бұрғылау шпинделіне (7) бұрап қойыңыз.

Бұрғылау коронкасын алып тастау

Бұрғылау коронкасын (8) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 41 мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 32 мм) бұрғылау шпинделінің (7) артқы ілмегін тіреп тұрыңыз.