Бұрғылау бұрышын өзгерту
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Бұғылау станинасында әр реттегеннен кейін барлық бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау бұрышын реттеуге арналған астыңғы бұранданы (24) айыр тәрізді кілтпен кілт ені 17 мм) босатып, алып тастаңыз.
Жоғарғы бұранданы (21) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм) босатыңыз.
Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24 мм) босатыңыз. Бұрғылау станинасын қажетті бұрғылау бұрышына орнатыңыз.
Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24 мм) қайтадан тартып қойыңыз. Жоғарғы бұранданы (21) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм) бұрап бекітіңіз.
- Бұрғылау станинасы тек қыспа гайка (27) және бұрышты реттеуге арналған бұранда (21) қайтадан тартылғанда ғана орнатылуы мүмкін.
Бұрғылағаннан кейін бұрғылау бағанын (20) кері реттілік бойынша тік күйге (0° бұрғылау бұрышы) қайтып орнатыңыз. Ол үшін астыңғы бұранданы (24) қайта орнатып, айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм) бұрап бекіту керек.