Техникалық қызмет көрсету және тазалау
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
- Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету орталығында орындауға кеңес беріледі.
Қызметтік индикатор
Сырғанайтын контакт тозған болса, электр құралы өзі өшеді. Бұл жағдай шамамен 1 күн бұрын қызметтік индикатордың (8) жануы немесе жылтылдауы арқылы көрсетіледі.
Электр құралын қызмет көрсету орталығына техникалық қызмет көрсетуге жіберу керек.