Шаңды және жоңқаларды сору

Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз. Сәйкес сорғыш құрылғы денсаулыққа қауіпті шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды шаңсорғышты пайдаланыңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.

Сорғышқа қойылатын талаптар

Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі

мм

35

Қажетті төменгі қысымA)

мбар
гПа

≥ 230
≥ 230

Қажетті ағын мөлшеріA)

л/с
м³/сағ

≥ 36
≥ 129,6

Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті

M шаң класыB)

A)

Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні

B)

IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша

Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.

Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін (29) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.

Шаңсорғышқа арналған адаптерді (11) алдыңғы жақтан электр құралына салыңыз. Ол шерту дыбысымен тіреледі. Адаптерді (11) алып тастау үшін бүйірінен ұстап, алға қарай тартыңыз.

Сорғыш шлангіні (Ø 35 мм) (31) (керек-жарақ) немесе сору адаптерін (29) (керек-жарақ) енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (31) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес келуі қажет.

Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Жиектерді өңдеу үшін жиектерді фрезерлеуге арналған сору адаптерін (30) де пайдалануға болады.

Жиектерді фрезерлеуге арналған сору адаптерін (30) домалатпа бұрандамен (4) бекітіңіз.

Жылтыр тегіс беттерді өңдеу үшін сору адаптерін қайтадан алып тастаңыз.