Пайдаланушы интерфейсі (B суретін қараңыз)

Пайдаланушы интерфейсі (6) жұмыс режимін таңдау және электр құралын қосу және өшіру үшін пайдаланылады.

Пайдаланушы интерфейсі

Сипаттама

Қосу/өшіру түймесі (20) құрылғыны қосып, өшіреді.

Режим түймесі (21) бірмәртелі іске қосу мен түйіспелі іске қосу режимдерінің арасында ауыстырады.

Қосу/өшіру индикаторы (19), құрылғы қосылғанда жанады.

Бірмәртелі іске қосу индикаторы (22), бірмәртелі іске қосу режимі іске қосылғанда жанады.

Түйіспелі іске қосу индикаторы (23), түйіспелі іске қосу режимі іске қосылғанда жанады.

Күй көрсеткіштері

Оған қоса қосу/өшіру индикаторы (19) электр құралының күйі туралы төмендегідей хабарлайды:

Электр құралының күй индикаторы

Түсі

Мағынасы

Шешімі

Жасыл

Электр құралы қосулы және пайдалануға дайын.

–

Сары

Оқиға назарыңызды талап етеді: критикалық температура, аккумулятор заряды таусылайын деп қалды немесе техникалық қызмет көрсету қажет.

  • Электр құралын суытыңыз.
  • Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз.
  • Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс беріңіз.

қызыл

Электр құралы пайдалануға дайын емес.

Себебі: электр құралы қатты қызып кетті, аккумулятор заряды таусылды немесе механикалық ақау орын алды.

  • Электр құралын суытыңыз.
  • Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз.
  • Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс беріңіз.

қызыл түспен жыпылықтайды

  • Екінші ажыратқыш тым ерте басылды.
  • Екінші ажыратқыш 5 секунд ішінде басымалды, құрылғы автоматты түрде өшіріледі.
  • Ажыратқыштар қате реттілікпен қолданылды (мысалы, іске қосу құрылғысы, құрылғы түйіспелі іске қосу режиміне ауыстырылмас бұрын басылды)
  • Күй индикаторы жасыл түспен жанғанша күтіңіз.
  • Электр құралы жұмысқа қайтадан дайын.
  • Қағу процесін жаңадан орындаңыз және бұл ретте дұрыс іске қосу реттілігін сақтаңыз немесе пайдаланушы интерфейсі арқылы іске қосу жүйесін өзгертіңіз.