Қолданысқа енгізу

  • Электр құралын қосу үшін пайдаланушы интерфейсіндегі (6) ажыратқыш түймесін (20) басыңыз.
    Жұмыс шамы (5) қосылады.
    Құрылғы пайдалануға дайын болғанда, ажыратқыш индикаторы (19) жасыл түспен жанады.
    Бірмәртелі іске қосу режимі іске қосылып, (22) индикаторы ақ түспен жанады.
  • Электр құралын өшіру үшін ажыратқыш түймесін (20) басыңыз.

  • Электр құралын қосыңыз.
  • Ауызды (14) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Жұмыс шамы қосылады.
  • Содан кейін іске қосу құрылғысын (3) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
    Осылайша қапсырма қағылады.
  • Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
  • Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.

  • Электр құралын қосыңыз.
  • Режим түймесін (21) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз.
    Түйіспелі іске қосу индикаторы (23) ақ түспен жанады.
  • Іске қосу құрылғысын (3) басып тұрыңыз.
    Бұл ретте жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады.
  • Ауызды (14) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Осылайша қапсырма қағылады.
  • Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (3) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
  • Режим түймесін (21) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз.
    Бірмәртелі іске қосу индикаторы (22) жанады.