Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

  • Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
  • Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін.
  • Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
  • Электр құралын еш жағдайда үстел ендірмесінсіз пайдаланбаңыз. Ақаулы үстел ендірмесін ауыстырыңыз. Ақаусыз үстел ендірмесі болмаған жағдайда, ара дискісі сізге жарақат тигізуі мүмкін.
  • Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін.
  • Өңдемекші болған материал үшін сәйкес ара дискісін таңдаңыз.
  • Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз.
  • Дайындаманы тек айналып тұрған ара дискісіне жақындатыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.