Ара дискісін алмастыру (k1k4 суреттерін қараңыз)

  • Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
  • Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
  • Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
  • Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
  • Осы электр құралының өндірушісі ұсынған және өңдегіңіз келетін материал үшін жарамды ара дискілерін ғана пайдаланыңыз. Осылайша ара тістері ұштарының қатты қызуына және өңделетін пластмассаның балқуына жол бермейсіз.
  • Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін.

Ара дискісін алып тастау

  • Қос иінді (17) сағат тілінің бағытына қарсы, ара дискісі (28) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп, тірелгенше бұраңыз.
  • Қорғаныш қаптаманы (6) артқа қайырыңыз.
  • Үстел ендірмесін (8) ұстағыш саңылауынан (54) көтеріп алыңыз да, оны құрал саңылауынан шығарыңыз.
  • Алты қырлы бұранданы (56) шеңберлік кілтпен (35) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз, бұл ретте жамылғыш кілтпен (36) қысқыш фланецті (55) қарсы ұстап тұрыңыз.
  • Салмалы шайбаны (57) және қысқыш фланецті (55) алып тастаңыз.
  • Ара дискісін (28) алып тастаңыз.

Ара дискісін орнату

Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.

  • Жаңа ара дискісін құрал шпинделінің қысқыш фланеціне (58) орнатыңыз.

Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.

  • Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) қорғаныш қаптамадағы көрсеткі бағытына сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз!
  • Қысқыш фланецті (55), салмалы шайбаны (57) және алты қырлы бұранданы (56) орнатыңыз.
  • Алты қырлы бұранданы (56) шеңберлік кілтпен (35) сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз, бұл ретте жамылғыш кілтпен (36) қысқыш фланецті қарсы ұстап тұрыңыз.
  • Үстел ендірмесін (8) қайтадан орнатыңыз.
  • Қорғаныш қаптаманы (6) алға қайырыңыз.